25.09.2022
  98


Автор: Олжас Сәндібек

Сабан да құрлы салмағым қалмады...

Сабан да құрлы салмағым қалмады,
Кімдер де менің кеткен жоқ кегім.
Адамдар түгілі арманым да алдады,
Гүлдеуге бейім көкпеңбек едім.
Аз ғана есім ауышар ма екен,
Аумаса болар Алаштың бағы.
Жарып та шығып қауышар ертең,
Бəйшешек жырым қар астындағы.
Сайтаным күлді тамұқ қылам деп,
Тəңірім бірақ жебеген мені.
............................................................
...Айттым ғой бір күн жарып шығам деп,
Көктемім келді көгерем енді.





Пікір жазу