25.09.2022
115
Ақын қызға
Мөп-мөлдір сезімнен жаралған,
Көктеме күнінен, гүлінен нəр алған.
Ақ арман үміті шуақ боп өріліп,
Ауызынан жыр,
Көкірегінен нұр төгіліп.
Жыр еткен бірлікті,
Шындықты ту еткен.
Қайраты қайғысын жүдеткен,
Аур жүр ортаңда ерге тəн жүрекпен.
Жыр еккен
бағына,
Жанына адалдық түнеткен.
Жыр тұлпар түлеткен
Ақын жүр ортаңда
тым нəзік жүрекпен.
Бойында
шындық бар,
Шындық бар ойында.
Пенделік пейіліңе бой ұрма.
Ақын жүр ортаңда,
Бағала,
мойын бұр,
мойында.