25.09.2022
  144


Автор: Олжас Сәндібек

Аллаһу əкбар!..

Аллаһу əкбар!
Аллаһу əкбар!
Аллаһу əкбар!
Оң құлағыңа
Азан айттым
нақыштап,
Сол құлағыңа
Хамад айттым дауыстап,
Мына өмірге
қош келіпсің құлыным
Жайқалып өс
ата жолын нақ ұстап.
Айтып кеткен
өлең-жыр қып нақылды,
Сырға мəлім
сүйіп тыңдап ақынды,
Сен де сондай
дүр болсын деп ақылды,
Атаң қойды атыңды.
Тамырыңда
ұлттық рух бұлқынған,


Азамат бол,
айнымайтын ғұрпыңнан.
Құлағыңа
азан айттым дауыстап,
Сенің атың – Нұртуған!





Пікір жазу