Ауылда немесе әке тәрбиесі
Қалада мынау
еңсемді басып ауыр мұң,
Ерттеусіз мінген ессіз тірліктен жауырмын.
Еркелеп желі өбетін келіп бетімнен,
Арайлап атар аңсадым таңын ауылдың.
Қайнатып қойып
қырғауыл деген құс етін,
Кеспе қып турап түстікте апам ішетін.
Көк аспан жерге түсердей болған ыстықта,
Əкемнің еккен əңгелектері пісетін.
Ақ көңіл жанға
бір Алла нұры құйсын тек,
«Бақшада бар ғой піседі талай жейсің» деп.
Жартысын бөліп жұмсайтын əкем көрші үйге,
Елде бар дəмнен оларда ауыз тисін деп.
Ұға алмай мəнін
əкеге үнсіз қараймыз,
Барлығымыз да бір тойып жеуді қалаймыз.
Бас-басымызға бір тілік жетсе мəз болып,
Таңдайға басып тəтті екен десіп тараймыз.
Жүргенде солай
жаз айы бітіп, күз келді,
Əңгелектерді тараттық елге біз де енді.
Кейіннен ұқтым тəрбиелепті сонда əкем,
Жомарт қып
əрі қанағатшыл қып біздерді.