Мұқағалиға
Өміріңе не дейін
өксігі басым, бағы кем,
Тас мінез болған тағдырыңа аға налып ең.
Ел іші ерден сырлас дос таппай қамығып,
Мөлдір мұңыңды
Фариза қызға шағып ең.
Арғымақ едің
бзелің кеткен сай болмай,
Келте өмір саған кесапат етті-ау байланбай.
Болашағыңа бір арыз жазып кетіп ең,
Тірлігіңде бір туған күнің тойланбай.
Арызыңды оқып,
парызын біліп ұғынды,
Еске алып жатыр ұрпағың сенің бүгінгі.
«Мұзбалақ ақын туған күн» деп дəл бүгін,
Қарасазыңда той болып жатыр дүбірлі.
Ақын мен елдің
арасы бір сəт кесілмей,
Жалғасқан үрдіс ұлы керуеннің көшіндей.
Мұзбалақ аға, артыңнан келер ұрпаққа,
Аманат еттің – Абайдың шоғын өшірмей.
Сейіліп түні,
атқанда мына таң күліп,
Жырыңды бүкіл шырқайды ұрпақ əн қылып.
Бақытты жансың, бақытты жансың сен аға,
Шаң басқан жоқсың – жүректе жүрсің жаңғырып.