25.09.2022
  104


Автор: Олжас Сәндібек

Келер күнді ойлап...

Келер күнді ойлап
алаңдай жүрмін,
Өткенге қайтып
бара алмай жүрмін.
Жүйрік жылдардың
қойнында қалған,
Сəби күнімді
таба алмай жүрмін.
Жүлдеге мас боп
жарыстан алған,
Қол бұлғап еді
алыстан арман.
Іздесем қанша
таптырмайсың-ау,
Сəби көңілім
алыста қалған.
Қылғанмен Атам
жұмақты мекен,
Жалғанға неге
құмарттым екен?!
Ет жүрек еді,
тас боп барад
Шамадан артық
мұң арттым ба екен.


Осы бір мұңнан
езілер ме екен,
Жақсы күн алдан
кезігер ме екен...
Апама барып
еркелеп қайтсам,
Өзімді жеңіл
сезінер ме екем.





Пікір жазу