25.09.2022
  169


Автор: Олжас Сәндібек

Музыка

– У-у-у, у-ү-ү, м-м-м.
Ұлым сенің
осы ғажап уілің
Естілгенде
нұрға айналар көңілім.
Санам жетпей қоюшы еді өмірге,
Сен екенсің Өмірім.
Осы болса
тартар сыйың əуелгі,
Бұл сазыңа
бүкіл болмыс тəуелді.
Құлыным-ау,
қайдан жаттап алғансың
Мұндай ұлы əуенді.
Неткен көркем,
неткен тəтті қылығың,
Осы сəттің садағасы
ғұмырым.
Қалай еді қайталашы
Құлыным.





Пікір жазу