meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  25.09.2022
  163


Автор: Олжас Сәндібек

Махаббат сыйлаған көктем...

Махаббат сыйлаған көктем,
Бізден де күдерін үзбек.
Қоштасу бізге де жеткен,
Көңілге күз кеп.
Сен жалған қызыққа құмарсың,
Шуағын себе ме əр күн?
Шынында бақытты шығарсың,
...Бəлкім?..
Сен маған несіне қарадың,
Көздерің күлімдеп мұңсыз.
Мен кетіп барамын...
Күллі əлем үнсіз.





Пікір жазу