25.09.2022
125
Қоштасу
Мен сені,
сен мені қия алмай
Қоштастық,
Жанардың жаңбырын тыя алмай.
Достастық,
Қоп-қою түнменен,
Қала емес, секілді айдала.
Біз жайлы тірі жан білмеген,
Сəулесін себеді ай ғана.
Сен мені,
мен сені қия алмай
Бұрылдым,
Сен тұрдың
жасыңды тыя алмай.
Ұғындым...
Сезіндім,
Кінəңді...
Кінəмді өзімнің
Мен əлі
Қою түн қойнында тұншығып
Небəрі мұң ғана жазамын
Тіршілік,
бұлбұлға оқытып ғазалын,
Келеді күн шығып