25.09.2022
  132


Автор: Олжас Сәндібек

Түс немесе сағыныш

Сен еркеледің,
Мен ентеледім,
Шыдамай
жалыныңа өртенемін.
Қиылған қара қастым,
Есімнен тағы адастым,
Ерніңнің
шарабына шала маспын.
Көп қыздан сəл қызғана,
«Жаным» деп жансыздана,
Үн қаттың
құлағыма əлсіз ғана.
Сүйдірдің сүйікті еттің,
Отыр ем биіктеп тым,
Оянсам түсім екен,
күйіп кеттім.
Мен сені сағыныппын,
Жаным жүр жабығып тым,
Мен ғашық екенімді
тағы да ұқтым.





Пікір жазу