meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  25.09.2022
  139


Автор: Олжас Сәндібек

Тағы да мұңайдым...

Тағы да мұңайдым...
Мұңайдым несіне.
Мұңы да, сыны да Құдайдың,
несібе.
Əлемді əлімше ұқтым бек,
Жəутең көз жаны игім.
Мен сені сарғая күттім деп,
Несіне налимын.
Көктемде бүр жарса бір тал гүл,
Алдамшы екенін ұғынғам.
Мендегі бұл тағдыр
Аңсау мен шаршаудан құрылған.
Сен бейне таңғы үміт,
Көңілім көктейді.
Мен сені күтер ем мəңгілік,
Ғұмырым жетпейді.





Пікір жазу