25.09.2022
157
Бөлме толы кіл қыздар...
Бөлме толы кіл қыздар,
Қысылайын несіне.
Бəрі жырға ынтызар,
Жыр оқыдым есіле.
Əдемі қыз бұрымды,
Сəл мұңайып отыр ең.
«С-е-е-н», – деп
бастап жырымды,
Саған қарап оқып ем.
Жырыма көңілің толды ма,
Күлімдеп ғана қарап ең.
Көңілге көктем қонды да,
Жаңарып кетті бар əлем.
Бір сəттік бейне не бəрі,
Боларсың сен де сезінген.
Күлімдеп жүрсің сен əлі,
Елесің кетпей көзімнен.