25.09.2022
267
Мен түндей тұнық едім...
Мен түндей тұнық едім,
Шаршаған шерменде ойдан.
Сезімнің құлы болдым,
Өзіңді көрген бойдан.
Деуші едім күйбеңдікпен,
Жыр жазып жарытпаспын.
Мен сені сүйгендіктен,
Ақын боп қалыптастым.
Амал не, ұғынбадың,
Тұтанды жүрегімде от.
Жайнасын ғұмыр бағың,
Басқадай тілегім жоқ.
Өзіңе қызарақтап,
Назымды айта алмадым.
Сен біраз ұзағанда,
Сүй-е-е-м деп айқайладым.
Сен бірақ байқамадың,
Жоқ едім сен үшін мен.
Сүйем деп қайталадым,
Тағы да тек ішімнен