25.09.2022
  136


Автор: Олжас Сәндібек

Жан ұқпайтын сезімнен...

Жан ұқпайтын сезімнен
арыла алмай,
Қуана алмай,
не тіпті қамыға алмай,
Қасымдағы сұлуға ғашық болмай,
Алыстағы сұлуды
сағына алмай,
Алаңдамай ешкімге
елеңдемей,
Қалғандай боп мына əлем
менен де өгей.
Сахараның бұлт көрмес даласындай,
Аңқам кеуіп жүргені-ай,
өлең келмей.
Қолым бармай жүргенде
жыр жазарға,
Қызыл-жасыл көп екен
бұл базарда.
.............................................
Мына бір
сатушының сұлуын-ай,
Муза бар ма, қарындас,
Муза бар ма?





Пікір жазу