25.09.2022
108
Жігіт құлқын...
Жігіт құлқын,
қылық күлкің арбаған,
Мінезің-ай,
əрі аспайтын арнадан.
Өн бойыңнан пенделерге бітпейтін,
Періштелік қасиетті аңғарам.
Сені көріп əлсіз жүрек дір етті,
Дидары да сендей шығар Жібектің.
Досың менен қасың қоса сиятын,
Кеңдігін-ай, жүректің.
Тумысың-ай,
нəзік əрі батыл-ды,
Əр ісіңнен аларлықтай жат үлгі.
Қалқам өзің кімге тартып туғансың,
Сұлу əрі ақылды?
Жан екенсің сынығындай асылдың,
Ақылыңа, сымбатыңа бас ұрдым.
Күлімдейсің дірілдеріп жүректі,
Қыз Жібегі ХХІ-ші ғасырдың.