24.09.2022
  142


Автор: Олжас Сәндібек

Періште

Жалғанда жалғыз боп жүдедім,
Оралған адамдай тамұқтан
Мұңлықтай мұң кешіп жүр едім,
Кездесе кеттің сен ғайыптан.
Санамды сансыз ой билеген,
Сенделіп сергелдең күй кештім.
Дəл бұлай ешкімді сүймеп ем,
Дəл бұлай ешкімді сүймеспін.
Көруге асықсам ол дағы,
Арманға тез жетсем дегенім.
Жағымнан жаңылғам жоқ əлі,
Өзіңді жырлаумен келемін.
Мен едім жырлаудан жалықпас,
Жырымды жорыма теріске.
Ауруын жасырған айықпас,
Мен сені сүйемін Періште.





Пікір жазу