24.09.2022
  113


Автор: Олжас Сәндібек

Жантақтың да кебе жаздап тамыры...

Жантақтың да кебе жаздап тамыры,
Қызыл құмның көлге айналса сағымы,
Бұл шілденің аптабы емес...
Сен деген,
менің ыстық сезімімнің жалыны.
Кең даланың сап-сары боп құшағы,
Аспан астын жаңғыртса егер құс əні,
Бұл далаға күз келген жоқ жəй ғана,
Ол мендегі сағыныштың нышаны.





Пікір жазу