23.09.2022
  156


Автор: Олжас Сәндібек

Акроөлең

Бұл басым бəріне көнер
Бір үміт ойнайды сенен
Бір ғана өзіңмен келер
Бақыттың барына сенем
Арамыз алыстау əттең
Арманым алдамас бірақ.
Ай туып, ел жатқан сəтте
Аспаннан сен жайлы сұрап.
Назданып жатамын сосын
«Несіне келдім» деп мұнда
Нұрланған Тараздың кеші
Налысам тартатын сырға.
Уыңды теңейін балға,
Уызын татқанмын шердің.
Уайымға уланған жанға
Уақыт емші ғой, көндім.
Ушығып кетпесін тағы.





Пікір жазу