23.09.2022
  164


Автор: Олжас Сәндібек

Сен сүймей кеткен сол жігіт...

Шертілмей қалған шерлерден,
Шерменде болған жүрегі.
Сүйем деп сені сенделген,
Сездің бе сол жан кім еді?
Айырып естен бір елес,
Өз айтқандарын жөн деген.
Жібек пен Баян түк емес,
Аққуда сенен кем деген.
Жүзінде иман көктеген,
Жүрегі тұнған жыр еді.
Арнаған талай отты өлең,
Сездің бе сол жан кім еді?
Ұқпадың сырын сөзінің,
Ұқпадың жайын көптеген.
Сен оның сұлу сезімін,
Сезуге дəтің жетпеген.
Арманын айға қондырып,
Алған бетінен танған жоқ.
Сен сүймей кеткен сол жігіт,
Сүйкімсіз болып қалған жоқ..


Басына бақыт қонғанда,
Бойтұмар тағып үкілер.
Сен сүймей кеткен сол жанды,
Сүйеді əлі бүкіл ел!





Пікір жазу