23.09.2022
273
Елес пе...
Елес пе,
Оймен егес пе? –
Жаныңды шарпып от-күдiк,
Тартты да сиқыр белеске
Қорқыныш, мұңға жектi үмiт.
Албырт ек,
Бiрақ, асыға
Сезiмнiң уын бiрге iштiк.
Жастықтың ессiз отына
Өртенiп барып мұң құштық.
Сезiмдер тартты жолға алыс,
Серiлiк жанды жырлатып,
Кездестi сәттiк алданыш,
Келдi де кеттi бiр бақыт.
Жарқ еттi де отың жанардан
Қарашықтардан тұнды шық,
Жарқырап барып сан арман
Құс жолын түздi түнге ұшып.