23.09.2022
  147


Автор: Аманғазы КӘРІПЖАН

Сенiң жаның не бiлдi?

Сен де өзгемен нұрланып,
Сол кезде мен жынданып,
Арамыздан махаббат
Баратқанда ұрланып,
Сен де алаңсыз тойшылап,
Мен де амалсыз ойсырап,
Арамызды тағдырлар
Баратқанда қайшылап,


Мен бұлқынып қынапта,
Сен жұлқынып жыраққа
өртесең де,
намысым
Өртенбедi, бiрақ та.
Менiң жаным егiлдi,
Сенiң жаның не бiлдi?
Мен жыраққа жерледiм
Сен жылатқан көңiлдi.





Пікір жазу