23.09.2022
  185


Автор: Аманғазы КӘРІПЖАН

Жанарға

Шашқанда көзім көп ұшқын
Өзім де содан шоқ іштім.
Қоңырси түскен көңілдің
Көгінде саған тоғыстым.
Құлдырай түскен ғұмырдың
Құрығы түсіп жығылдың.
Тектіден қалған түбірдің
Тасасын тауып тығылдың.
Жұлынып біткен жүректің
Жұлыны болып дір еттің.
Жүрегі болып жарқ етіп,
Жұмақтың нұрын түлеттің.
Малданған менің мастығым,
Алданған сенің жастығың...
Мендегі ағыс мұң ағыс
Болғасын бәрі пәс бүгін...





Пікір жазу