Сезімнің асау ермегі
Шұғыла жүзiң алауын шашып нұрлана
Көздерден таса қарама, деушi-ем, ұрлана,
Бала едiң әлi,
Екеумiздi өртеп аңдаусыз
Кететiн болды-ау алдамшы сезiм бiр ғана.
Өзiңе сенсең құша бер онда,
Құш тағы...
Қанатты бiр күш көзiмнен үркiп ұшпады.
Шекараң жаққа қолымды қозғай бередi
Алданыш деген төзiмнiң асау дұшпаны.
Құрыққа түстi құтылам деген талпыныс,
Жетелей бердi адаса жеткен алқыныс.
Тiлiмдi сенiң тiлiңе жалғап,
әуелде-ақ,
Ақылыңды емiп қойған-ау сиқыр тартылыс.
Сиқырлы бiр күш сабырға қылыш сермедi,
Ағалықты да, балалықты да «жерледi«.
Жерлеген сайын сезiмнiң ессiз отына
Лақтырып кеткен махаббат неткен шерлi едi! –
Лақтырды дағы тағдырға ырық бермедi...
Солай да солай...
Бiр сәтке сосын басылып,
Көзiңнен бәрi өкiнiш болып селдедi,
Қатерлi-ең неткен, сезiмнiң асау ермегi!...