23.09.2022
134
Балуан досыма
Қазақстанның спорт шеберi
Халық Қожахметовқа.
Әй, балуан досым-ай, тым аңғалсың,
Қадiрiңдi бiлгендер сыр аңғарсын!
Бiлмегендер сан мәрте сүрiндiрдi,
Жолда қалса аңғалдық – «күнәң» қалсын!
Мейiрбан қып жаратса сүйектiнi
Өктемдiктi сiлкидi жиi екпiнi.
Қанжар да кеп кеудеңдi тесiп өттi,
Тәңір, бiрақ, сақтапты ниеттiнi.
Досыңды ұрып, намысты ел жерлесе де
Жүректiлер дәл сендей селбесе ме?
Сонда сынған аяқты елемепсiң
Жылдар бойы қалпына келмесе де.
Балконынан қыздардың мен де құлап,
Емханадан тұрғыздың демде жырақ.
Қайыр – сауап дегенмен
қадiрi жоқ
Аңғалдығың қауiптi,
Емде, бiрақ.