23.09.2022
165
Майлышат жотасы
(Екi түрлi аңыздан)
1.
Ұялшақтап жел жұлқыса еңiстен
Тау да етегiн қымтай түстi егiспен,
Гүлдiң лебi жасырынып мұрныңа
Кеңсiрiкпен, кейде ойыңмен өбiскен,
Аманғазы КӘРІПЖАН
186
Көрмегенсiп бұлтқа кiрген Ай құсап,
Ғашықтарға сыйлап келген жайлы сәт,
Боранбай мен қалмақ қызы отасқан
Махаббаттың мекенi едi – Майлышат,
Ер тойында жеңiс тербеп жер-көктi,
Майлы шат боп малдың майы селдептi.
Май тұтанса тарих талай алаулап,
Шұғынықтың қызыл шоғы сөнбептi.
Май төгілды биікке де, жыраға,
Мал шығыны құрбандык па,
Күнә ма?–
Малды аямай жанды аяған жараннан
Парқы жұмбақ хақтың ісін сұрама...
2.
Кеудесiнде қалғып кеткен кешегi
Бiзге жұмбақ – шерлi тарих есебi...
Майлы батыр қорғағасын жоңғардан
«Майлышат» боп атаныпты деседi.