23.09.2022
  121


Автор: Аманғазы КӘРІПЖАН

Мәңгiлiктiң көзiне тұрақтасын

Бейбiт Құсанбековке.


 


Төтеп берген боранға кiл мықтының
Тұрағы едi – жағасы Кiндiктiнiң,
Көмейiне тарихтың тұрып қалған
Бөрiтостаған көзiнде шындық мығым.
Бұл ғажапты бергесiн жұлдыз-ғалам
Жұмбақ болып түледi Ырғыз бабаң.
Сол өлкенiң ғарыштық киесi едi
Пенделiкке жаныңды бұрғызбаған.


Мәңгүрттiктiң тазалап талай түбiн,
«Тiл» күмбезiн шындықтан қалайтұғын
Көрермендi үйiрген экран да
Кейде өзiңе жымиып қарайтұғын.
Қыл өткелi тағдырдың құлатқасын –
Қылығына фәнидiң сұрақ басым...
Экранға сыймаған бар қиялың
Мәңгiлiктiң көзiне тұрақтасын!





Пікір жазу