23.09.2022
  130


Автор: Аманғазы КӘРІПЖАН

Алтын емел

Жел еріктен айырса құмы сабыр
Таппайтұғын тұрақсыз тірі шағыл.
Арасынан жүйткіп жүр жан бітіріп
Тарих деген ұлы да ұры сағым.
Құбылмалы пәнидің серуені –
Кескілескен намыстың шеруі еді.
Тұнып қалды Жетісу тағзым етіп,
Тұрып қалды Шоқанның керуені.
Ғарыштың да намысты нарқын емер
Тұрып қалды бір асу даңқы кемел.
Жел еріктен айырып құшқан сайын
Құм бүркене жығылды Алтын емел...





Пікір жазу