23.09.2022
151
Айсәуле атаң оққа ұшты...
Жансәулеге
Айсәуле атаң оққа ұшты,
Сұм соғыста ерледі.
Жания апаң кек құшты,
Жарын күтті, келмеді.
Бірін-бірі аңсаумен
Болмады үміт нақ тұрақ.
Саған қидық, Жансәулем,
Екі есімнен ат құрап.
Өз атаң да шырқаған
«Жансәуле» әнін ескеріп,
Нағашыға бұл қадам –
Болсын дедік естелік...