23.09.2022
  117


Автор: Аманғазы КӘРІПЖАН

Кіршігі жоқ болмысыңнан, қарашы...

Жанөлкеге


 


Кіршігі жоқ болмысыңнан, қарашы,
Ғайып болды көңілімнің наласы.
Мендей әке – бес баланың панасы,
Қойса атыңды кімнің болар таласы?


Затыңа сай қойсам атты, еркешім,
«Жанөлкем» боп, жүрек қылын шертесің.
Мен, өйткені, таныдым да таңдандым
Сенен көріп өз жанымның өлкесін...





Пікір жазу