23.09.2022
  87


Автор: Аманғазы КӘРІПЖАН

Талаптанға

Миығында мүлгіген ұлық арман
Пәни, бақи арасы – ұлы қорған.
Құбылыстар ішінде ұры жалған
Іштарлығы мәңгілік тірі қалған.
Шұғыладан туды өмір қарап таңға,
Таң сабыры жайқалды тарап қанда.
Қиғаны үшін нұрлы өмір Талаптанға
Жаратылыс алғысы жаратқанда....





Пікір жазу