meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  23.09.2022
  206


Автор: Аманғазы КӘРІПЖАН

Ақын досыма

Бағдат Телтаевқа.



Өлеңдi еркiн игердiң,
Өнер дертiн сый көрдiң,
Еңбек деген күйбеңнiң
Ептiсiне үйлендiң.
Ғылымның да бiр қамы
Бiзден сенi ұрлады.
Бiр сұлуға сүрiнiп,
Болдың сезiм құрбаны.


Күйбең деген құмалақ
Баратса да дұғалап,
Менi де ескер,
Жастықтың
Әйнегiнен сығалап.





Пікір жазу