23.09.2022
134

Жанарымның жарығы мың тiрiлдi
Ақын Несiпбек Айтұлына
Сескендiрдi шаңдатып шабыт көптi,
Құмырасын тарихтың шағып төктi.
Нес-ағаңдар адасып жүрегiнен
Қозғалысты сан мәрте қағып кеттi.
Күн орнатып қуанттық тесiп көктi,
Мәңгiлiктер жөңкiлiп көшiп кеттi.
Сәулесiнен шабыттың құрастырып,
Жинады өмiр қаншама Несiпбектi.
Қайта-қайта көтерiп кiрпiгiмдi
Жанарымның жарығы мың тiрiлдi.
Мұңаймас-ты дүние сiздей бәрi
Жамап жатса жанымен жыртығымды.