Малайсары бидiң Сырымға берген батасы
Атойлап айбынды ойы қын iшiнде,
Теңселiп зiлдi тарих күлiсiнде
Атақты Малайсары ер Сырымға
Былай деп бата бердi тiрiсiнде :
Армысың, кие қонған Даттың ұлы !
Қозғайтын көкейiмдi таптым iнi.
Сұсыңмен көтерiлiп ат дүбiрi,
Мысыңмен шайқалыпты тақ тұғыры.
Тананың жөн сұрадың нарқы аманда –
Мен емес Қарақұнан, Қалқаман да,
Бессары, Жиембеттен, Ахметтен
Таппайсың Асан атты алқадан да.
Қараман – тегiм,
бiрақ алаш едiм,
Халқымның жазылмаған жарасы едiм.
Сен айтқан қызымыр да, қыдырма емес,
Бiр елдiң қазына қарт данасы едiм.
Қанағат орнасын деп ел iшiнде,
Ең алғаш жiбiгенiм сен үшiн де –
Қайтарып он төртiңде ердiң құнын
Әлiмдi тоқтатыпсың келiсiмге.
Жаманнан жақсы туса сүйiндiрдi,
Жақсыдан жаман туса күйiндiрдi.
Ер құнын жаста жайсан дауламаса,
Жастықтың құны болмас тиын құрлы.
Қазақтың ымырасыз тiрлiгiне
Тосқауыл өздерiңмен кiрдi, мiне.
Намысың жат қолында кетпес үшiн
Жаршы бол қарайғанның бiрлiгiне,
Аумин! – деп жүрегiне сол құжатты
Таңбалап батырды би жолға ұзатты.
Қарт тарих қиялына жалау болып,
Желбiреп бара жатты жалғыз атты.