23.09.2022
  110


Автор: Аманғазы КӘРІПЖАН

Хабарыңды естiп, Әнерке...

Хабарыңды естiп, Әнерке,
«Жаным-ай» – дедiм –
..Жүрегiме енген бiр күдiк
танымай менiң
өзiмдi жұлқып қашқанда,
шынтағым тиiп,
Сындырып алды аңдаусыз жаным әйнегiн.
Шағылды жанның шөлмегi...
Табыт ғаламын
Шерiмдi жұтар ма екен деп бағып қарадым.
Фәнидiң, бiрақ, шерi емес,
Шарабы болып,
Тағдырдың сынық көзiнен ағып барамын.
Кеттiң де, жаным, қасiрет көшiнде жылап,
Қабағы түстi сәскенiң бесiнге құлап.
Көзiңнен соңғы мен көрген ғажайып әлем
Бейiште жансын!
Ал, менi кешiрме бiрақ...



1996 жыл.





Пікір жазу