23.09.2022
  155


Автор: Аманғазы КӘРІПЖАН

Сабырлы бол!

Армениядағы бауырластарға бiлдiрген
көңiл толғауынан үзiндi. 1988 жыл.


 


Танытты да табиғат оғаш қылық,
Ақыреттi шақырды жер асты ұлып.
Гүл қаланы қопарған күл қаламен
Зiлзаланың тiсiнде таласты үмiт.
Жер-ананың жүрегiн жыртып өтiп,
Қанатында шаттық пен күлкi кетiп,
Жәудiреген көздерден сол мезетте-ақ
Ұшып кеттi сан арман пыр-пыр етiп.
Амал қанша,
шара жоқ айтар әлi...
Сабырлы бол,
Бәрi әлi-ақ жайқалады.
Кеткен есең – садақа...
Тәңір бәрiн
Өлiге де тiрiге қайтарады.





Пікір жазу