23.09.2022
  110


Автор: Аманғазы КӘРІПЖАН

Жердi тағы қасiрет талап өттi...

Жердi тағы қасiрет талап өттi,
Аттандырды бақиға нала көптi.
Желбiретiп намысын құдiреттi ел
Тұғырына тарихтың ала кеттi.
Таңғалдырған тылсымды мәнi күштi
Теңсiздiктер қайғыны қанып iштi.
Сұрақтардың сұрқия сұсын көрiп
Ақиқаттың қанаты талып ұшты.
Құдай ғана – санада тұрақты ұғым...
Ананы да, баланы жылатты мұң.
Сәйкессiздiк жеңсе де,
Жабайы өмiр
Жеңе алмады рухыңды, бiрақ, бүгiн.



1993 жыл.





Пікір жазу