23.09.2022
171
Драма
Әділеттің болмаса биі мықты,
Намыстыға жазаның үйі құтты.
Хақ алдында «парызын» аяқтамай
Пайғамбардың күйеуге «сыйы» бітті.
Мінгестіріп саяси құраманы
Сана деген көлік жүр «бұрамалы».
Аңқау елді мәжбүрлеп таңдануға
Қойды билік тағы бір драманы.
Тудыра алмай түйінді ой бас керемет,
Қылмыс та жүр бір бірін босқа өрелеп,
Жатқан шығар билік те өз қылығын
Жандаралдар арқылы әшкерелеп....