22.09.2022
506
Ата заң
Құдай жолын үйретіп жас қауымға,
Айналдырған жатты да дос-бауырға,
Жеті жарғы жоқта да тоқтап едік
Жетелі сөз тұрғызған тосқауылға.
Заң – бір елдің тұғырлы ар-намысы,
Жұбанышы тарихтың, алданышы,
Ынтымақшыл ғаламның толғанысы,
Дұшпанның да, достың да қорғанысы.
Жатса мезіл жарғысын түлеткелі
Әділеттен іздейді тіректі елі.
Заң өзерсе тармағын әмір емес,
Иман ғана қозғасын жүректегі.