22.09.2022
  99


Автор: Аманғазы КӘРІПЖАН

Қазақ елi

Мәрелi өмiр,
Мәртебе, сыйыңыз да
Сыйыспапты кертартпа миымызға.
Қарға адымды рухымен қапсыра алмай
Тайғанап жүр жүрегiм жиi мұзға.
Ұлы дала,
Көзiңде мөлдiреп түн,
Келедi әлi жаныңды елжiреткiң.
Тарих талап жыртылған жүрегiмдi
Тәуелсiздiк туы етiп желбiреттiм.
Санасына пенденiң түнедiм бе?
Ардың көзi жұлқылап тұр өңiмде.
Қасiреттiң жөргегiн жарып шықтым
Құдiреттiң қамалып жүрегiнде.





Пікір жазу