22.09.2022
  121


Автор: Аманғазы КӘРІПЖАН

Орын таппаған ескерткіш

(С. Мұхаметжановаға)


 


Шеңгелінде жазмыштың жастай қалып,
Тұншықты өмір көзіне жас байланып.
Жаншуынан үзіліп тас қоғамның
Кетті тағы нәзік жан тасқа айналып.
Мойындамай мезгілдің қашты сыны,
Демде өзгерді тарихтың лас пішіні.
Тасқа да біз табынып көрген едік,
Табындырсын шындықтың тас мүсіні.
Ерді ескеріп намысым тұтанғасын
Салғырттықтың жолына жұт орнасын.
Паң дәуірді мойытып, қайда барса,
Тасқа айналған әділет мұқалмасын.





Пікір жазу