22.09.2022
112
Құбылмаған ел ме едiк?...
Жауырлықты,
Қажаған ауырлықты
Елемейтiн ел едiм, тауым мықты.
Тастамайтын бауырлық, қауымдықты
Санамның сол сиқырын дәуiр де ұқты.
Ұққандықтан тарылтып тынысымды,
Өздi– өзiме сiлтеттi қылышымды.
Көзiм көкке айна боп,
Көркiме алғаш
Сары алтынның қадiрсiз нiлi сiңдi.
Сол дәуiрдiң әурелеп мазағы елдi –
Бет-жүзiмнiң бедерiн қаза бердi.
Массагет те, скиф те, сақ та болып,
Ғұн да болып құлпырды қазақ ендi.
Талатқанда тарихқа төзiм қысып,
Көлеңкемнен көз жаздым өзiмдi iшiп.
Бүгiн көк көз...
Ол аздай сор айдаса
Кешегiдей ертең де – көзiм қысық.
Мейлi жүгiн тағдырға сыр ақтарып,
Мейлi жығыл нәубетке құлап, талып –
Бәрiне оның күнәар – ЖАРАТЫЛЫС...
...Сен де қашпа күнәдан, бiрақ, халық!