22.09.2022
  343


Автор: Тыныштықбек Әбдікәкімұлы

ҚАЙРАН

Мен Қазақпын: адасқандарды аң
тілімен, құсаланғандарды құс
тілімен жебеп ем...
Түңлігімді ту етіп, Намысымды
найза етіп, дұшпандарымды
бөгеп ем!.. Арыма атан
шөккендей, көрімді көнім
өпкендей: Тілім төресініп,
Көзім көсемсініп, Құлағым
құдайсынып; дулығалы Басым үшке
бөлініп!..
дуалы Аузым отыз рулы тіске бөлініп!..
Қапиямды аңдығандар –
қапсыра құшақтаған боп, қабырғамды санап, БақҰямды аңдығандар аңырғанды тонап!.. Қаперіме
қарғыс сұқтым неге мен?! Кісінегеніме – кісен,
Кісілігіме бұғау түсерде, қалқаныма
қазан-қазан ет турап, тіс шұқығам
жебемен!
Мен Қазақпын,
Қызыр болған бір Ағам,
Қызырды атқан Қызыл болған бір ағам... Тек
солайша күлгем,
тек солайша жүргем,
тек солайша шыдағам...
Абайша тек... жылағам.
Абыздан – аяным бар, Аңыздан –
Қозы-Баяным бар, ежелгі бір
* * *


Ертек ем...
Қолқам бүгін Қорқыт күйін шерте ме?!
Қонақ біткен қорған тауып қойнымнан:
таңданғандары – тамыр болып, еркелеп,
жонданғандары – әмір болып...
қонып алған желкеме! Туғаным өренді болса да,
Иманым Ғайып-Еренді болса да, азапқұмар
бұлғақпын:
елең де елең кеңес қуып, Есімді
қызыл Елес буып!.. өрнегіндей
Өлөңнің Өнегем өшіп, кесапат
жылдардан Керегем көшіп! Кійесін
ұмытып мекеннің,
Ійесін ұмытып шежіре-дастан, тіл-хаттың...
«Жариямды» жаңғыртып,
Қариямды қаңғыртып!
Дариямды құрғаттым!
Ұлы Атам – Оғыз,
Бір Атам – Қобыз...
Өлөңмен егіз едім.
«Жеті Қазынаммен» сегіз едім!..
Өткелім жоқ, өткенге оралтатын,
«Көк Бөрім» жоқ, көкірегін емізетін!..
Көзге түсті тымағым.
Көңілімнен көмекейім қырағы...
Жалқын атқандайын шырағым,
арқыратқандайын заман пырағын,
қожайындай қоқиып ем...
қолымда –
қойдың ғана құлағы!..
* * *


Таңдай суым ұран татып үнемі,
түйсігімнің реңін
тұмсығымен түрткен кезде түлкі көздер (мың бұлаң!),
күрең үнді Күдердің тамырлары
буындырған сүйегін –
ғұрыптарымның басынан құлпытас
боп шыңғырам! Қанкөбелек ойнаса
да бұл ғалам, шындығым бар
шырғалаң:
Әз Ұялық Әлемімнен қалғаны –
азиялық түр ғана!
Ей, тәубәсіз Тәуекел, түлегімнің
Тілін өзім өшірсем, жүрегімнің түгін
өзің жұлмала!..
Мен – Қазақпын, тарихын жау мақтаған.
Тағдырым бар – «Шұбырынды Ақтабан»!..
О Дүниенің демі тартып, дерт меңдеген тәнімді;
нәзік, тылсым Жанымды
бұ Дүниенің полигондары қақтаған!
Көңілімнің көзі – қан...
күлтілдеген қу Далама асығам:
Қара Түннің қолтығында қызыл без –
қып-қызыл Ай, шошыған!...
Дұшпандарым мәңгі сақ.
Қасақана қамданам да жолға ұзақ, Боздақтардың
аруақтарымен боздасып, Жарық Дүниемнің
сүртпек болам көз жасын, соңғы жұпар
жапырақпен, жалғыз-ақ!..
Мен – Қазақпын, Зарығымда қан жылап,
* * *


Суқанымда сүт күлген!.. Мен –
Қазақпын, Делебемнен – селебем,
Кенеземнен – кебенегім бар!..
Мен – Қазақпын,
Дәтім – кәлимадан да ауыр! Зәрем
– жәһәннамнан да терең! Ей,
тәубәсіз Тәуекел,
білмесіңді білші менен;
кердеңдегендер құдайын ұмытпасын,
Кеудемдегі тылсым – ерен:
Кегіме суғарылған азуым жұлынса да,
кезерген ерніммен-ақ
кеңірдегін Қиянаттың қыршып өлем!..
* * *
Апыр-ай, өмір сүру не десейші? Сүт?..
Көз жасы?..
Қан мен терден бұзылу?
Кейістену кей істен?
Әлде сол бір «баяғы алма қызылы,
аластатқан пейіштен»?
Алақандай көздері ме аш түрдің?
Әлде үрейдің түрі ме?
Адам болғым келмейтінін кеш білдім? Ес
білдім бе шынымен?
Әлде мына Жалған Дүние жалқындап,
жатсындым ба үйімді?
Ақшам түсе, ақыл-ойым салқындап, Ай
жалайды мыйымды.
Қара Жерде – қарындылар билігі?
Қара Аспанда – патшалық?
* * *


Нанымдарға тым қауіпті килігу? Нан –
ып-ыстық?
От – жарық?..
Қайырымды қара көзім – ойқұмар?
Жұлын-жүйкем – ыңылдақ?..
Қой, қу Тірлік,
кінәңді сен мойныңа ал, бүгінгі осы іңірде-ақ:
өмір сүру – аңсамасты аңсатқан аспани бір тажал да!
Бет-жүзіңнен дірдектейді саусақтар...
Дірдектейді-ау!..
Ажалға?!
Дірдектейді!
Мың құбылған көңліңе
көмей мәңгі жалғанып...
Көмей көзі көрге талай көмілген.
Көмілу ме арманың?
Жаназаңды шығардың ба, дем... ерін
күлгін түске боялып?
Қайдан білдің көздің қоса өлерін?
Топыраққа тоярын?
Қан қалғытар бәйітке сан ұластың.
Қашқаның ғой?
Бейіттен?
Өмір сүргің бар, әрине, Күн асты! Тек
басқаша кейіпте?
Беде болып өспексің ғой алаңда? Көде
болып көрер ме ең!
Қайран Дала!.. өлөң-шөптен гөрі, онда
арамшөптер өлермен!
Мұхит, орман, әуе мен түз, қарлы құз –
* * *


қауіп-қатер, құтырған!
Ай астында адасулы барлық із
азуларға жұтылған!
«Шіркін, қызыл өрмекшіге айналсам!.. Әлде
жасыл қарғаға?..»
Ышқынасың.
Ырқың сөніп қалғанша, ол не сені арбаған? Көн
құрты ма?
Күніңді оған санатпа:
бар тірліктен, бар аңнан
шетсіз-шексіз тойымсыздық таң атпай тоят
тілеп жаланған!
Солай әне!
Бір заңдылық осал да! Жоқ,
бәлкім ол басқа сын?
Қара Жерден Қара Аспанға қаша алмай
қалбаңдаған қасқасың.
Ә, қу Тірлік, жанталаса
ізденбей тоқтал сен де
ендеше.
Құмарлықтың қажеті не біздерге,
құдайлықты бермесе?
Сен үңілген мың ғасырлық парақтар құр
ымдау мен ырымдау?
Отыр, міне, періштелер
қонақтап тағдырыңның
қылында:
көктей өтіп ұшып кетер, білерім,
көздеріңнен аларған!
* * *


Саудаң әбден бітер кезде, түнеріп
еріп кетші соларға...
Жолдас Революция!..
Пұтқа айналдырғанымыз үшін Владей Миромның
денесін;
жұтқа айналдырғанымыз үшін Жұмақтың қызыл
елесін;
Ел Есін Ой торлағаны үшін тұманды;
ешкімге ешқашан нанбастығымыз үшін;
жолдастығымыз үшін күмәнді;
Халықпен «халық жауы» ойнағанымыз» үшін;
Қызылдан патша сайлағанымыз үшін;
тойлағанымыз үшін жабайы;
азап көргендегі азғана асымыз үшін;
көзқарасымыз үшін анайы;
Тарихымыздың әлі танылмағаны үшін;
жандайшап біткен жанын бағары үшін;
қалыңдағаны үшін беттердің;
көзіміздің тайғанақтығы үшін;
жарқанаттығы үшін дәттердің;
қарақтарымыздан да қымбат арақтарымыз үшін;
мансабын бұлдаған манаптарымыз үшін;
мадақтарымыз үшін оттаған;
көре алмай қойған рахаттарымыз үшін;
плакаттарымыз үшін қаптаған;
қаһарлы әрі қайыршы күйіміз үшін;
ұрандармен уланған мыйымыз үшін;
үйіміз үшін қуықтай;
* * *


Тәубаны ұмыттырған көмейіміз үшін, көтеніміз үшін;
өтеріміз үшін дым ұқпай, –
енді кімге табынамыз?
Енді кімге шағынамыз?
О жаңа заманның Анасы, сенің басыңа тартқан
қызыл шар- шы орамалың көзіміздің жауын
алғанмен, томпайған төсің пулеметтің отты
тұмсықтары екен де! Құдайға құлшылық аңыратқандар да, қотаннан малын маңыратқандар да
жаппай жай- рап қалды! Мүсәдірәң киерге киітімізді,
үрерге итімізді қал- дырмағаны қалай?..
Иә, тұрмыс – қылмысқа, қылмыс тұрмысқа
айналады!..
Жолдас Революция,
Мұратыңның жолындағы кісі өлім
үшін; қуатыңның қолындағы кісенің
үшін; қашқаны үшін құтыңның;
бүгінгі мырзалардың да байлыққа шала мастығы үшін;
жалаңаштығы үшін бұтыңның, –
енді кімге шағынамыз? Енді кімге табынамыз?..
Дүние тылсым болды ұғылмаған. Ес кезген елес
өмір – ғұмыр, маған. Мыйымда бір сұмдық бар,
тажал сұмдық, мүләйім мылқаулықпен
сыбырлаған! Сірә, сол – құбылысым-ібілісім?
Қараңғы сілекейінің шұбырысын!.. Қаперді
неге берген, біле алдың ба? қайрансыз қас
қағымдық ғұмыр үшін? Айнала Су
шыңғырып, Оттар аңдып, тырнақты
Үрейлерге көп таландым. Қаңғыбас Ой ма,
* * *


Мен бе,
мылжаланып,
Мыйымнан қашып шыққан қап-қараңғы?
Қараң Мый қараңғы емес, озбыр-ау тым:
мазама жіберіпті Көз құлатып!
Сол Көзде ұрандар бар, храмдар бар,
мәңгілік бірін-бірі азғыратын! Ақылдың
басына ұрып арғымағын, түгіңе
қаратпайды даңғыра-Күн. Ғаламның
қапиясын білу үшін, қадымға бетім түзеп
қаңғырамын...



* * *
«Ұят күшті өлімнен!..».
Ұят болды-ау!..
Нені іздедік ерінмен?
Мыйымда бір сәуле
ойнайды... Сол жерден
қара су мен қара наным көрінген!..
Ей, таныс-ау,
нан да – жалын, от та – су!..
Тамырыңды тамырымен дөп
басып көкектенген
Көңілдерге
киілген
көйлектер ше?..
етектері Көкке асық?
Қызылсаусақ қытыққа аш сандарын
еркектердің көз сұғына қақтасып,
көп сұлулар
Көкке қарай қыңситын.
(қоғамды да қоздырады жын
сүйтіп!) Ей, таныс-ау,
Тәңіріні ұмыттырған
тәннің құрты
қайда барып тыншиды?
...көрпелерін жұпарласып ел кешке, бір
төсекте жаңылыстың сен де естен.
Төбеңдегі сәулең қылш-қылш қызара!..
төмендегі қан демінен ол да өшкен:
қара жалын кеңістіктің ішінде
ауаңыздың өзі әйелдік пішінде
төгіп-шашып құмарлықтың құйынын,


шексіздікке лақтырылып киімін!.. төрт қолаяқ бір-біріне күрмеліп; сілекейің дәмін
арзан сүрменің
Түн бетіне жаққан кезде айғыздап;
еркін үдеу заңындағы Тән құздан
Көкке ұшқандай құлаққа да от
толып;
Сөз ішінде соқырланған көк бөрі
сияқтанған Тіл
үніңе маталып,
есіріктей қозданғанда Дәт анық, ырылдаған
сұйық Ақыл (жоталы!) қайда өзіңді құя
салмақ қотарып?!.
Қайдағы бір қанды іздейді қан ұлып!..
Мыйымдағы көздері өлі тамырым
бір емшекті ембек болып түнектен, маған да кіл
намазшамды тілеткен...
Құтырынған қыз да – сайтан!.. Азғырын!
Құмарына сұғып алсақ без қылын,
ЖАД ІШІНДЕ ЖАЛТ-Т ЕТЕТІН ЖАТ АСПАН – БҮКІЛ
БІЗДІК РАХАТТАР МАЗМҰНЫ?!..
Сен ғой, талай шабақтатқан ақ тәнді
«шабытыңмен» жолдастарға мақтандың.
«Зина түні қандай жақсы! – деп жүрме, ол түн –
сені бір періштең қаққан күн!
Жә, жарайды, Өткен іске
күйінбе,
Жарың да бар, наның да бар үйіңде...
Есің шыға еңіреп алш,
сондай бір


опасыз да қалжыраңқы күйіңде.





Пікір жазу