22.09.2022
  231


Автор: Тыныштықбек Әбдікәкімұлы

ИМАН НҰРЫН ЖИҒАНША...

Мен о баста жұлдызқұрты ем Жұлдыздың...
Жасыл түкті көмей едім қып-қызыл...
Қанжарланып, жыртқыш тісім өсіп шықты, он
үш үнді Үрейден!..
Маңдайыма қара сәулелі Көз біткен,
мылқаулықтың құрдымына қадала. Көп
отырдым қалшылдап.
Көп отырдым қалшылдап, ғасырлардың өтінде.
Құмарлықтың қара топырағына мың аунап... Алғаш
рет күлдім солай, азу тістерімді ұлытып. У-у-у-у!..
Жасыл түкті көмей едім қып-қызыл... Қара
топырақ қара тәніме айналды!
Қара тәнім – қара тажал!.. менің асқақ дұшпаным!
...Күншығыстың шырын бүрккен Орманын,
Күнбатыстың жұмсақ қоңыр Тауларын, Терістік
пен Түстіктің
шұғылалы теңіздері мен Аспанын
бауырына тартып алып мендік обыр – аш Қарын...
бәрін-бәрін жеп бергем-ді, құдайлардан басқаның!
Құтылмақ боп Жазмышымның кәрінен,
нелер қулық ойлап таптым.
Мәні не?..
Қалай болар Мәңгіліктің тыныштығын бұзғандық? Ай
сүйреткен әбүйірімнен сансыз жылым із қалды... Әрбір
ізде қызыл шоқ пен мұз қалды!..
Мен өзімді өз-өзімнен қызғандым,
құмар болып Сұлулықтың Тәніне...
Жұлдыздары жанып аққан Терең не?
Қашан, қалай, нені емдер?..
Көк перілер Көктен сөйлеп, жел емген, көк
137
бөрілер естен танып (мені емген); Ар-ұятқа
майдан ашып;
Періштемді аңдып-бағып,
қызғанышпен қырқып алып қанатын:
бір қолынан мен нан жедім аяусыз,
бір қолынан шарап іштім, балағаттап Тәңірді.
Төбесінде жап-жасыл жарық барын аңдаған
жалмауыздардың бірі екенмін,
жасыл түкті жұлдызқұрты – жұлынына айналған!
Өз қанымды өзім іштім армансыз.
Мен құл болдым
тәніме. Мен құл
болдым тәніме!
Әулиені арандатып сайтанға,
қос көр қазып әр Ақынның жолына,
адал Ойларымды Ақыл Ағашына керіп қойдым
шегелеп!.. Не керек?..
Мендік көмей, мендік көз – менің озбыр
дұшпаным, Қара Тәнім – тақсырым...
Жұлдызқұрты ем жұлдыздың.
Жасыл түкті көмей едім қып-қызыл.
Сұлулыққа сұмпайылық жұққызып,
алтын сорып бездерім,
күміспенен күптеп басым-сирағым,
Күннің көзін қарным жауып кеткенде,
жетім қалған жас сәби тепті мені
маңдайдан! Шырылдаған үнінен ажалымнан
айықтым... Масқара:
Қара Тәнім – менің тірі табытым!
...сұм соғыстың сорғалаған сілекейінен зарядты
 өліп көрген
оқымысты қалаларым бар безбүйрек.
Масайраған рухтары гулеген қорымдардың
үстінде жүрмін қазір, кебін орап басыма...
Мен о баста жұлдызқұрты ем Жұлдыздың,
жасыл түкті көмей едім қып-қызыл.
Қайдан келдім?
Қайда кетіп барамын?
Не қасиет қалды менде нұрлы Ғалам алдында?!
Ей, зұлымдық,
түйме маған жұдырық. Ей, сұлулық, жарқылдатпа
саныңды! Дүлей азулар
мен
айлалы алақандар,
сендердің де ақшаларыңның жұлдыздарына
түкірдім! Азғырмаңдар!
Азғырмаңдар мені енді!
Жас сәбидің обал иісі аңқыған тамшы жасын құшақтап,
Мен тәнімді тастап шығам, дірдектеп!..





Пікір жазу