22.09.2022
  162


Автор: Тыныштықбек Әбдікәкімұлы

СЕБЕП

«Пасықтарға Аспанды сыйға тарттым,
жұлдызды. Ғашықтарды қыл көпір үстіменен
жүргіздім. Адасқанға әдейі сілтеп қойып көр
жақты, қарақшының алдынан қайырымнан шам
жақтым. Досым бар ед...
ұйықтатып, ұстап бердім дұшпанға: шарабы
мен шалабын аямады мыстандар. Қырсық сөзін
құлақтың жүрегіме құлаттым. Күле жүріп,
момынды таң атқанша жылаттым.
Маңдайына бір ұлдың тастап кеттім көз құртын.
Аңғалдарды жиып ап, жұрт тонауға азғырдым.
Шыншылдарды сол күні қаматтырып түрмеге,
шайын іштім Шешемнің ештеңені білмеген.
Қарындасым қайғырып...
Оған менің нем кеткен?..
Әкемді де аңдытып қойдым бір жас
жендетке. Әсте күле білмейтін оңбаған ед
серігім, біреулердің үйіне өрт қойыстық,
ерігіп.
Құдай болса, оған да тірлігімді бұлдар ма ем,
төсегіне Жарымның жатып қалдым бір қармен...»
– деп,
тістене отырып, «жыр» жазып ем өткенде,
дұшпаныма өзімді досым сатып кеткенде.
«Жыр» жазулы сол парақ беймағұлым бір
демнен жанып кетті лап етіп!..
Жынданармын мүлдем мен...
Сеніңдер, не, сенбеңдер, айтқаным жоқ асылық,
сол күні мен түс көрдім:
...өліп қаппын асылып...





Пікір жазу