22.09.2022
  152


Автор: Тыныштықбек Әбдікәкімұлы

СҮЙІС

...Ү-у-у-уу... бүкіл жандылар мен жансыздар
бір-ақ сәтке тыныш таба көріңдер!
Біз – екеуміз! Жалғызбыз!
Екі жалғыз жұмыр жұмбақпыз – біз, бір-біріне жұтылған!
Алдарыңда тұрмыз – қызғылт сағым төгіп, сәл ұйып...
Көкейіміз бар – Күннің нұрын Тамұққа да тамызар!
Ернімізде – от шеңберлі дауасы бар азаптың!..
Кіп-кішкентай қызыл шыбын ызыңдама,
жұлынымызды үзесің!
Сен де, торғай, көп
сұқтанба, көзің тиер
біздерге!..
Ү-у-у-уу... бір-ақ сәтке тыныш таба
көріңдер! Бір-ақ сәтке!
Сүйектеріміз де – құлақты!
Құлақтарымыз да – жанарлы!.





Пікір жазу