22.09.2022
  218


Автор: Тыныштықбек Әбдікәкімұлы

ҚАРА ДАЛА

Күн кірпігін ашқанда, тақыр Дала көрінген.
Қалаға да сол Тақыр қорқынышты өлімнен.
Қасқыр да жоқ ол жақта.
Арқар да жоқ.
Құрыған.
Тек,
иттері мияулап,
мысықтары ұлыған.
Жер төсіне сол жақта Атом сына қаққан-ды.
Мекендейтін халқы да – қара халық, ақ қанды.
Жаратқанға сенгендей, өздері тым аңғал-ақ: мал
баққан боп жүр әлі, маңдай тері сорғалап. Өмір
көші – баяғы өткен жылдар тұсында.
Соңғы аршаның қаны бар – Семсер-Сәске ұшында...
Енді ол жаққа бейкүнә құс та қанат қақпаған. Ал,
әуеде сөздер көп, бірін бірі мақтаған.
Күн кірпігін жапқанда күбірлейді сол Дала.
Не дейді екен, білсеңдер айтсаңдаршы, Жолдар-ау!.





Пікір жазу