22.09.2022
  207


Автор: Тыныштықбек Әбдікәкімұлы

«ГАЛЛЮЦИНАЦИЯ»

…Қайдан келдім, білмеймін,
айғайлы бір кезеңнен
асып түскем.
Бұл аймақ жатбауырлау, сезем мен. Алақанын
қарғылы қанденіне жалатып, мыртық біреу
жолымды кесіп өтіп барады. Жалқау бұлбұл
бұтақтан (көмекейін май басып) көз тастайды
самарқау.
Оның сайрай қоймасы
анық болды:
ныспы жоқ бұлбұлдықтан — мінезден. Қарапқарап отырып, қалғып кетті ілезде.
«Аруақ!» — таған бір жерді келе жатсам жағалап, тоқ
мысықтың алдында аш тышқандар балалап… Бір қара
қыз (сәлемді алуға да ерінген)
кірпігіне тағы да жатыр кірпік желімдеп. Ақыл
айтып әлгіге, айқайлайды бір мас ұл. Үй
сыпырып шал да жүр,
кемпір түзеп сырғасын…
Терезелер торланып, темірленген есіктер…
«Ура!» — дейді бір бала, мұрт ширатып бесіктен.
Түсіне алмай қойған ем,. тістей қойдым тілді мен: бір
көршіні бір көрші аңдып-бағып дүрбімен, таразыға
тартуда ауыздардың икімін.
Борап жатыр көшеде қызыл нанның қиқымы… Бір
досымды іздеп ем арасынан халықтың, жолың
болғыр, ақшадан көрпе тігіп алыпты. Мұның не? –
деп қоямын.
Үндемейді.
Тыныштық.
Ет турауға момын жұрт алып келіп қылышты…
 
Қарындары қампайып, шығып кеткен үстелге
жылап отыр жігіттер, бармақтары тістелген.
Мыртық та жүр осында.
Иті де жүр қарғылы.
Крыловтың қандені екен деймін әлгіні. Ит
болған соң, қайтесің, ол үруге ерікті.
Жын соққандай қарқылдап, мен де күле беріппін…





Пікір жазу