ЖАЗА
(баллада) Көбелектің
қызықтап бұла шағын,
көтереді бәйшешек шынашағын.
Желге ілесіп, күнұзақ дала кезер,
желкілдетіп шудасын түйе-сағым.
Қыбырлаған алыстан нелер еді?
Қыран ғана анықтап көрер еді.
Жау мен елді айырмас жалғыз соқпақ
жарлы үйіне жетелей жөнеледі.
«...Бастап келмей әркімді, аңғал соқпақ,
жалғыз үйді кесірлі жаннан сақта!»
...Біреу келді, Күн оты жана-жана,
қазан-Аспан астында сөнген шақта.
Біреу келді, есікті түре кірді,
қолшоқпарын қарына іле кірді.
Қарс жабылған кәпірдің қабағын-ай,
қамыр етіп илердей жүрегіңді.
Үй иесі қалбаңдап ұшып тұрды, бұрын
мұндай көрмеген бұзық түрді! Күтіп жүрген
қас жауын қарсы алғандай күжірейіп,
тулақтан мысық тұрды. Көрмей жүрген жан
– осы, қарсылықты. Қолындағы шоқпар мен
қамшы мықты.
Екі көзі – қос қанжар, қос
қанжардың
қылшылдаған жүзіне қан жұғыпты.
Содырлыққа сойдиған тістері бейім. Тамақ
тілеп, тарта ма іш кернейін?
Қара мысық о дағы қарап қапты, Қара
Түннен үзіліп түскендейін.
Сыр бермейді талайға куә мыстан, Ырым да
жоқ үнінде жылы ағыстан. Жалғыз лағын
батаға домалатып, жарлы жігіт алдында
құрақ ұшқан. Қалың қабақ қалқалап ішкі
райды, қарсұрға қар мұрт сұс қарайды.
Көлденеңнен түсіп ап,
көздерімен
келіншектің мықынын қысқылайды.
Жатты солай қабарып сол бір адам, хабары
жоқ өнерден, домбырадан. Ақырында
алдына дәм де келді,
уыз лақтың еті боп балбыраған.
Ұрынарға жан таппай...
түніменен
ұйықтар ма екен осы үйде шыныменен?.. Ет
дәметкен мысықты ас үстінде
ұрып қалып кездіктің қырыменен, Озбыр көңіл
өзінше тыншығандай. Жазғырмақшы қонақты
сыншы қандай? Қара мысық ілезде ғайып болған.
Қасақана кетті ме үн шығармай? Қиянатын
үлгерді жасап адам!
Үй иесі аумайды тас обадан. Мысық
кетіп қалса да, мұздай етіп,
Түн тұмсыған сұғады босағадан.
Жарығынан жартастың байғыз ұшып,
әлденеге жүргендей қайғырысып. Бұлтқа
сүйеп маңдайын, қыбыр етпей, Тау
басында күбірлер Ай құнысып.
Қарын тойып, бір сәтке көңілденген
жолаушыға
тиіпті орын төрден.
Бара-бара, Ой сөнер өзектегі, барабара, су ағар еріндерден... Ұрып
жығып ұры-ұйқы білектіні, бара-бара,
таң да атар.
Реттілік.
Жарлы жігіт – жарымен, ояу жатыр: жанар
жұмық болғанмен, жүрек – түрік. Жатыр
тыныш қаперсіз қосақ адал. Байғыз үні
өшуін тоса ма Таң?.. Қорылына қонақтың
мұздай етіп
Түн тұмсығын сұғады босағадан.
Үнсіз-түнсіз үрейлі... кез... күмәнді. Ұйқы
басқан Санада – Сөз тұманды... ТұманСөзге кенеттен тырнақ бітіп, тырнақ ұшы
жап-жасыл көз тұтанды!
Жап-жасыл көз, тырнақты! ... қылшыл-бүлік!.. жай
оғындай жарқ еткен тылсымдылық!..
Айғай салды сұм қонақ төр жақтағы,
көз тұсында қып-қызыл нұр шыңғырып!..
Парыз болып қалмасын өтелмеген,
тыңдап көрсін құлақтар еті өлмеген.
Байқайсыз ба,
осынау тіршіліктің
мысығы да жәбірді көтермеген.
* * *
Таң да атар, күн де батар... кешқұрым. Сол
бір тірлік қалыпты.
Ай да туар, сақалындай ешкінің. О да
өзгермес, жарықтық.
Менікі де – көрген күні Бақсының... Ел
тым ынтық жұмбаққа.
Көз еттерін көңіліме жапсырып,
көлгірсумен тынбақ па?..
Олар, егер, санадан тыс күш барын
қойған болса түйсініп,
құлқындардың қызыл жолын ұстану –
қай құдайға сүйсіну?..
Мықтылары шырт түкіріп Аспанға, жер
шұқуда әлсіздер...
Ұятынан өлетіндер сасқан ба, өле
алады менсіз де ...
Бәрі-бәрі заңдылыққа бағынар,
әрбір іште «ит өліп»...
Бір есікті жабылатын жағынан
жүргендейміз итеріп.
Жұмбақтық – сол, аша алмайтын еш ғылым...
Зарықпасқа зарықтық.
Ай да туар, сақалындай ешкінің.
Жарықтық... жарықтық...
Көкірекке күдік емген Ой толса, жақ
суалар – есесі...
Туды бүгін арманыңды айтар шақ,
құдай берді десеші!
Кезің жетті көгеретін көсегең. Әр
секундың – зымыран... Көйлегіңді
кептіріп ал көшеге, даңғазаның
буынан.
Ождан үшін Ой ойлаумен алжыдың.,
Жеткен шығар...
Өтінем:
жағымпаздар өтірігінің қан-жынын
жағып бер сен бетіне!
Шындық үшін жүгіргенге күні-түн,
әркім қарар әрқалай.
Жүзі сынық жан кезіксе,
үмітін
жүрегіңмен қалқала.
Сені улаған – күреңіткен өш еді.
Енді ондайға салынба. Құдайсынған
пенделерді кешегі түртіп ойна
қарынға.
Есіңді алып «Елім!» деген арлы ұғым,
еңіреп ал, ұялма!
Өмірдегі қайғы-мұңның барлығы
Өлөңіңе сияр ма!..
Ал, жұлдызы жарық жолдас, бөгелме!
Заман көші тосқан ба.
Жердегіні өзгертерсің...
дегенмен,
бір қарап ал Аспанға...
Сезетінді сезбейтіндей жылым-іш.
Естіместей құр құлақ.
Басынамыз бірімізді біріміз,
Басымыздан ұрғылап.
Ұят құшқан үміт бар ма үкілі? Сен де –
таза, ол да – аппақ?.. Армандатқан
әнімізге түкіріп, азамызды ардақтап
әбігерміз.
(Келешегім, кеше гөр!..)
Кеудемізді соғамыз!
Жыртып алып, жат астына төсеген –
өзіміздің жағамыз!
Бұл тірліктің нендей ғана заңы бар?.. Қалдырар
ма сезім із?
Жылап тұрып мұң шағамыз соңынан, өзімізге
өзіміз...
Әй, көңіл-ай,..
Өшін жоқтап өткендегі өксіктің,
даурығады ел ерте.
Кешегі күн бүгін жалған боп шықты. Не
боларын көр ертең!..
Үмітіңді қойды маған бақтырып,
үрейің де, азаң да.
Дерт ұшында – Жер мен Аспан...
Тағдырым –
сол көк ала тозаңда!
Маусымдары тірлігінен шатасқан
мәңгүрттікке
шыдап көр!
Обал сүйген Сөзің едім,
топастар
тұншықтырды құлақпен!
Түйткілі жоқ түйсіктерін бықсытып,
ынжықтар да – риза.
Көздер едік көлгірсудің шықшытын,
көтермейді қыли заң...
Қажетсіз бе жанды сенім, мәнді ырым? Сен
де, ендеше, көз алда.
Дерт ұшында – Жер мен Аспан!..
Тағдырың –
сол көк ала тозаңда!..
Әй, көңіл-ай!
уысында ұғылмастай құлдықтың, ұят
қылын өртеттің.
Ән жегілген арбасынан сұмдықтың
аңсатпашы ертекті!..
Көки берген көкірегім, көзі аққыр, нең қалды
енді айбардан?..
Бұл Жалғанда ала алмаспыз азаттық, Ажал
менен Ой барда...
Төбеңдегі аппақ Аспан (кебіндей!)
дертті отыңды өршітті!.. Тірлігіңнің
бәрі – бекер, тегінде. Түгің де жоқ
меншікті.
Нанбайсың ба?
Ындын әлі-ақ сенделтер.
Неменеңе күлесің?..
Қағынулы қара тәнің, ол да ертең –
Қара Жердің үлесі.
Шеру әлі өтіп жатыр қаралы,
жоқтап елдің теңдігін.
Шындық барда сұмдықтың да боларын
ұғар болдың ендігі.
Ұмытылып қаныңдағы тектілік,
ұялмасың білінді.
Салт-санаңның ертеңі үшін,
кептіріп,
сақтау керек Тіліңді.
Әр тағдырдың әрбір күні – көгенде:
кім тоғышар, кім дарын?..
Көне алмайды, азаттық бар дегенге,
қорқыныштың ұлдары.
Жад киесі кешегі әннен мақұрым!..
Іздеп көрші амалды!..
Ақыл-Естен тана-тана,
ақыры,
Мен дауасыз боп алдым... Күйінішке
күлкі қосып ішемін, күйін ойнап
мазақтың...
Менің қобыз-Көңілімнің ішегі –
қыл-көпірі Тозақтың.
* * *
Қып-қызыл жібек ту асты өтірік деп
келдік расты. Ойымыз өшке ұласты!
Қайырымдардың да тілі – ашты... Ауырмай,
сонсоң, көр енді!
Қаптаған қанша ұйымдар?
Қайырсыз, қансыз жиындар...
Қажетсіз қымбат бұйымдар!
Жағдайың солай қиындар!
Ауырмай, сонсоң, көр енді!
Аспаны қалмай бүркенер,
ажалын мақтап жүрген ел!..
Жасанды, шұбар тілменен
ертеңдер қайтіп күн көрер?..
Ауырмай, сонсоң, көр енді!
Ұшында улы сынақтың үнтүнсіз аңсап шуақты, Қияли
асқақ мұраттың жолына тірі
гүл аттық!.. Ауырмай, сонсоң,
көр енді!
Сақалдан озып бұғақтар, Сөз
іздеп соқыр құлақтан, Мый
ісіп сансыз сұрақтан,
бас тарттық тақыр жұмақтан!
Ауырмай, сонсоң, көр енді!
Замана жүгі салмақты.
Салмағын бізге салмақ-ты.
Көкіген көп-ақ мандатты!
Айтайын десең жан тәтті?..
Ауырмай, сонсоң, көр енді!
Кереңдік тыңдап өлөңді,
«керемет!» дейді көлемді.
Мадаққа солай бөлендік...
Ауырмай, сонсоң, көр енді! Ауырмай,
сонсоң, көр енді!