22.09.2022
  132


Автор: Тыныштықбек Әбдікәкімұлы

СЕЗІК

Отыр едім мен бірде, жүрек – ояу, тіл – сұлық,
күле келді ол маған, қысық көзде күн сынып:
– Жүдеулісің... немене, жүрсің бе әлде ауырып?
Күтінуге біздің де мұршамыз жоқ, бауырым.
Байқап жүрмін, кейінде қойғансың-ау өлеңді?
Есіміңді газеттен іздемейді ел енді.
Көңіл сөлін соратын Ой дегенің – бір сүлік! –
дейді-дағы, күледі, қысық көзде күн сынып.
Күлкісі – өтірік, әрине. Мен
де «күле» білемін.
Жатыр бірақ, ішімде көптен бері Жыр өліп.
Былай дейді ал анау:
– «Жыным» бар ед көп-көрім.
Байқап көрсек, бәрі де дерт екен-ау өтпелі...
Ойлай-ойлай, көп жұртқа беймағұлым сырды ұқтым:
Өлең деген, тәйірі, – көлеңкесі тірліктің...
Ал, тірліктің өзі жүр сиыр болып мөңіреп. Оған бар
ғой, Сөз емес, жем-шөп керек көбірек. Сен,
бауырым, бірақ та қала көрме өкпелеп, сиыр сүтті
болғанмен, емшекке де еп керек!..» –
Қарашы енді сабаздың қайдағыны тапқырын.
Есек етіп – осы енді – құлағыңды қақтыру. Мен
бірақ та көңілін қалдыруға олақпын, сиыр сауа
келгендей саусағына қараппын.
Өкінішті...
Ол кетті қысық көзде күн сынып.
Берген сәлемінен де беп-белгілі Тыңшылық.





Пікір жазу