22.09.2022
  89


Автор: Тыныштықбек Әбдікәкімұлы

БОРАН АЛДЫНДА

Нені көрмек төлші қыз қол айнадан? Малда
жүріп жан бар ма қараймаған... Боз
саулықтар сүзісіп жатыр сыртта,
бойларында арқардың қаны ойнаған.
Төбет, ол да доп сынды домаланып!.. (бір
«айқайдың» әйтеуір болары анық!) Сап
тыйылған тынысы самалалы –
Күн де
бүгін алыпты қораланып! Сиырлар да
жөтелген ықтасында. Ызғар уыты – есіктің
тұтқасында. Қойшыңыз да сайлана берсін
енді, қорасы мен көңілін мықтасын да.
Жетісіп бір тұр дейсің сай-сала қай, болар
ма екен бұл Көкек ең сорақы ай?!
Қой – ашқарақ, төл – тоңғақ, жусан – өлі, тал –
жалаңаш, бұлт – үркек, жел – солақай. Бәлкім,
қайта билігін құрмақ Ақпан?! (жалықты ғой бала
да сырғанақтан)
Бір пәле бар, әйтеуір,
келмей тұрып,
босағаны мысыққа тырмалатқан!..





Пікір жазу